Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Оңтүстікте - нөсер жауын, солтүстікте - үсік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 23-25 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Оңтүстікте - нөсер жауын, солтүстікте - үсік

Қазақстанның батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды. Осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2...6°С төмендейді.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді.