Алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 28-30 қарашаға арналған болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанда орналасатын антициклонның ықпалынан ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен бірқалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген болжамда.

Түнде және таңертең жолдың көрінуін 100-500 метрге дейін нашарлататын тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.