Алдағы үш тәулікте елімізде күн қайта салқындай түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2017 жылғы 11-13 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жария етті.

Алдағы үш тәулікте елімізде күн қайта салқындай түседі

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, соңғы күндері жылына түскен ауа-райы қайтадан салқындайтын болады. Қазақстанның батыс облыстарындағы циклон, солтүстік-шығыс бағытында жылжып келеді және алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігіндегі ауа-райының жағдайы осы циклонға байланысты болады.

Солардың әсерінен бұлтты және жауын-шашынды ауа-райы болады деген болжам бар. Көбіне күн жаңбырлы, кей жерлерде желдің күші 15-25 м/с дейін болады деп болжануда.

Температура төмендейді, бірақ қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болып қала береді.