Алдағы үш тәулікте еліміздің кей аймақтарында қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алдағы үш тәулікте еліміздің кей аймақтарында қар жауады - Қазгидромет

«Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде. Алдағы үш тәулікте ауа райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі  температура  минус 3  - плюс 3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2...плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады, сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар», - деп жазылған хабарламада.