Алдағы үш тәулікте күн салқындайды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кавказ аумағынан жылжып келе жатқан  антициклон әсерінен Батыс Қазақстан аумағында алдағы уш тәулікте ауа райы  жауын-шашынсыз болады және жылынады деп болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдағы үш тәулікте күн салқындайды - Қазгидромет

Еліміздің қалған аймақтарында полярлы атмосфералық фронттар арктиканың суық фронттарына ұласады. Осы фронттардың әсерінен, жаңбырлы, найзағайлы ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел және ауа райының салқындауы байқалады.

Егер өткен тәулік, 25 сәуірде, ауа температурасы (батыс аудандарды қоспағанда)  4-8ºС нормадан жоғары болса, 28-29 сәуірде еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында температура климаттық нормадан 2-5ºС дейін төмендейді.