Алдағы үш тәулікте күн суытады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Еуропалық аймақтарынан антициклон алдағы үш тәулікте - 15-17 қыркүйек аралығында Қазақстан арқылы жылжитын болады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температура бұрынғыдай климаттық нормадан төмен болады.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Солтүстікте, орталықта және оңтүстікте күн ашылғаннан кейін 0, -3º дейін суық түсуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында келесі атмосфералық фронт ауысады, кей жерлерде жаңбыр жауады және қысқа мерзімді жылудан кейін қайтадан температураның төмендеуі күтіледі.