Алдағы үш тәулікте күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш тәулікте күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Атап айтқанда қар жауып, бұрқасын соғады, желдің қарқыны - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы төмендейді.

Елдің солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады.