Алдағы үш жылда елімізде сандық телерадиотаратуды дамытуға 48,9 млрд. теңге жұмсалады

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - 2013-2015 жылдарға арналған елімізде сандық телерадиотаратуды дамытуға 48,9 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы 14,4 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Алдағы үш жылда елімізде сандық телерадиотаратуды дамытуға 48,9 млрд. теңге жұмсалады

Бұл туралы бүгін Үкімет отырсында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын ұсынған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Қаржы министрінің ақпаратына қарағанда, мәдениет және ақпарат саласының шығыстары аталған аралықта 161,5 млрд. теңгені, оның ішінде келер жылы 53 млрд. теңгені құрайтын болады.

«Мемлекеттік тілді және Қазақстанның басқа да халықтарының тілін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 3 жылға арналған бюджет жобасында жылына 4 млрд. теңгеден 12,1 млрд. теңге көзделген», - деді Б.Жәмішев.