Алдағы жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының 6-шы тур ойындары өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алдағы жексенбі, сәуірдің 19-да футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 6-шы тур ойындары болады.

Алдағы жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының 6-шы тур ойындары өтеді
Көш басындағы командалардың барлығы бұл кездесулерін өз алаңдарында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда «Ақтөбе» Көкшетаудың «Оқжетпесін», Астананың «Локомотиві» Қостанайдың «Тобылын», ал Сәтбаевтың «Қазақмысы» Өскеменнің «Востогын» қабылдайды. Сондай-ақ, осы турда «Қайсар»-«Ордабасы», «Ертіс»-«Тараз», «Жетісу»-«Қызылжар», «Атырау»-«Шахтер» командалары кездеседі.