11:08, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алдағы жексенбіде Өзбекстанның заң шығарушы органы Олий мәжіліс сайлауы өтеді
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Желтоқсанның 27-сі күні Өзбекстанның заң шығарушы органы Олий мәжіліс сайлауы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.
Осыған орай Өзбекстан елшілігі Қазақстанда тұрақты және уақытша тұратын Өзбекстан азаматтарына Алматы қаласындағы Бәрібаев көшесі 36-шы үйде орналасқан елшілікке келіп дауыс беруге болатындарын хабарлайды. Бұндағы сайлау учаскесі 8.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. Елшілік қызметкерлерінің айтуынша, дауыс беру үшін Өзбекстан азаматтарының төлқұжаты болуы керек.