Алдағы жылда 48 млн. теңгеге 14 студенттік ғылыми жоба қаржыландырылады
Байқауға ұсынылған 22 жобаның 12-сі таңдап алынды. Ал қалған 10 студенттік жобаның екеуі қаржыландырылатын болып шешілді. Сонымен, 2013 жылдың ішінде грантқа ие болған 14 ғылыми жоба іске асырылады деп жоспарланып отыр. Оларға бөлінетін гранттардың жалпы сомасы 48 млн. теңгені құрайды.
Байқауда жаңартылған энергия көздері, ядролық энергетика саласындағы зерттеулер, плазмалық физика, нано-технологиялар және материалтану саласындағы зерттеулер, қоршаған ортаға, атап айтқанда, биологиялық , химиялық және экологиялық ортаға энергетика секторының әсерін пәнаралық зерттеу жұмыстары қатыстырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, зерттеулердің қолданбалы сипатына ерекше мән берілді. Олардың бірқатары зерттеу мен әзірлеу жұмыстары аяқталған соң коммерцияландырылып, тұтынушылар назарына ұсынылуы мүмкін.