Алдағы жылдан бастап Астана - Бурабай автожолынан төлемақы алына бастайды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, құжатқа бірқатар өзгерістер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.
None
None

Еске салсақ, заң жобасы бұған дейін бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Ал екінші оқылымда қарау барысында сенаторлар бірқатар өзгерістерді енгізді. Атап айтқанда, банктердің үмітсіз берешек бойынша резервтерді есептен шығаруы мерзімін ұзартуға қатысты, сондай-ақ банктердің стрестік активтерін басқару жөніндегі ұйымдарға берген күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер бойынша талап ету құқықтары айқындалды.

Бұдан бөлек, Сенат Қазақстан резиденттері емес банк холдингтерінің инвестициялық және бейінді емес қызметтерін шектеу, сондай-ақ банк және сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдарды құруға рұқсат алуына толықтырулар енгізді.

Сонымен қатар, өзгерістердің бір парасы керосинді пайдаланғаны үшін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін енгізуге, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана-Бурабай автожолымен жүруге төлемақы алуға қатысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар