12:04, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Алдағы жылдары экономиканың аграрлық саласында ғылым мен жаңа технологияларды дамытуға 120 миллион АҚШ доллары бөлінбек
денің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы жылдары экономиканың аграрлық саласында ғылымды қолдауға, жаңа технологияларды енгізуге 120 миллион АҚШ долларын бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада аграрлық саланың мәселелеріне арналған халықаралық конференцияда Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы бөлінетін қаржыға ауыл шаруашылығындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да салаларында басым бағыттар бойынша нақты ірі ғылыми зерттеулер іске асырылады.
Оның айтуынша, 2009 жылдан бастап ғылыми-техникалық дамудың үдерісін жылдамдату бойынша стратегиялық маңызды мақсаттарды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 6 миллиард теңге немесе 40 миллион АҚШ доллары бөлінді. Бұл қаржы өткен жылға қарағанда екі есеге артық.
Атап айтқанда, 2008 жылы экономиканың аграрлық секторын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету жұмыстарына мемлекет 2,7 миллиард теңге бағыттаған.