Алдағы жылдары елімізде 34 фармацевтика фабрикалары салынады - Ә. Исекешов

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде алдағы жылдары елімізде 34 фармацевтикалық фабрика салу жоспарлануда.
None
None

  Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында «Тауарларды, қызметтерді сатып алу барысында қазақстандық қамту үлесін арттырудың мемлекеттік саясаты» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел жиынында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазақстандық қамту мәселесімен айналыса отырып, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын да қоса жүргізіп келеміз. Сондықтан да, алдағы бесжылдықта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың басым салаларын дамытуда негізгі құжат болып табылады. Бұл ретте қазақстандық қамту мәселесі индустриялық дамуда бір блок ретінде жеке қарастырылып отыр. Осының өзі машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика секілді салалар үшін қуатты құрал болып табылады. Біз қазіргі тапсырыстардың негізінде түпкі нәтижені болжай аламыз. Мәселен, денсаулық сақтау саласы бойынша алдағы уақытта елімізде 34 заманауи фармацевтикалық фабрикалар салынатыны жоспарлануда», деді Ә. Исекешов.

 Министрдің айтуынша, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында қазақстандық қамту мәселесі мен отандық өндірушілерді қолдау шаралары тиімді жүзеге асатын болады.  

Соңғы жаңалықтар