Алдағы жылы екі жол учаскесінде ақылы жүйені енгізу көзделіп отыр

«Ақылы жолдар бойынша жоспарда біз 2020 жылға дейін республикадағы 7 мың шақырымға жуық жолдарды ақылы негізге өткізуді қарастырудамыз. Келесі жылы «Астана-Атбасар» және «Қызылорда-Шымкент» екі учаскеден бастаймыз»,-деді ол.
Ұ. Әліповтің сөзіне қарағанда, «Астана-Атбасар» жолында тек жүк көліктерінен ақы алынса, «Қызылорда -Шымкент» жолы барлық көлік түрлері үшін ақылы болады деп күтілуде.
«Бұдан ары қарай жолдардың құрылыстары аяқталған сайын ақылы тәртіп енгізіледі. Бұл - бюджетті жолды күтіп ұстау қаражатынан босатуға көзделген шаралар. Осы орайда «Астана-Бурабай» жолынан тиісті нәтижені көріп отырмыз, яғни жолды күтіп ұстау шығындары толықтай жабылып отыр»,-деді ол.
Ұ. Әліповтің айтуынша, «Астана-Бурабай» ақылы автобанында биыл 1 млрд. 129 млн. теңге жинау жоспарланып отыр.