Алдағы жылы Мекке мен Медина арасын байланыстыратын жылдам пойыз іске қосылмақ

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қасиетті орындар Мекке мен Медина арасын байланыстыратын желінің құрылыс жұмыстары 2014 жылдың соңына таман толықтай аяқталып бітеді. Жаңадан салынып жатқан теміржол екі қала арасындағы кептелісті 80%-ға дейін қысқартады», - деп Меккенің көлік департаментінің өкілі Мұхаммед Мадани мәлімдеді.

Алдағы жылы Мекке мен Медина арасын байланыстыратын жылдам пойыз іске қосылмақ

2014 жылдан бастап Меккеден Мединаға дейін енді 2,5 сағатта жетуге болады. Жалпы, Мекке мен Мединаның арасы 450 шақырым жолды құрайды.

Muftyat.kz сайтының жазуынша, бұл жоба толықтай жүзеге асқаннан кейін Джидда қаласынан Меккеге дейін 25 минутта жетуге болады. Көркемделіп ислами сәулет өнерінде салынған жаңа станциялар: дүкендер мен мейрамханаларды, мешіттер мен көлік тұрақтарын, VIP залдар мен тікұшақ қонатын алаңды қамтиды. Сонымен қатар, жоба бойынша салынып жатқан теміржол желісі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың ыңғайына барлық жағдайлар жасалуда. Үкімет теміржол желісімен жаңа пойыздар арқылы жылына 3 миллион адам тасымалданады деп жоспарлап отыр.