Алданған клиент сатушыға 17 мың СМС жіберіп, кек алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет-дүкен арқылы PS3 құрылғысын сатып алған 24 жастағы британиялық Эд Джозеф алданғанын білгенде ашудан өзін қоярға жер таппаған.
None
None

Ол консоль үшін 80 фунт стерлинг төлеген, алайда тауарды оған жеткізбеген. Өш алу мақсатында Джозеф сатушыға Уильям Шекспирдің шығармаларын смс арқылы жібере бастаған.

Британиялық СМС-тің сансыз мөлшерін тегін жіберуге мүмкіндік беретін тарифті қолданған.

Қазіргі уақытта алаяққа ол 17424 смс жолдап үлгерген. Осындай тәсілмен кек қайтармақ болған британиялық өкінішке қарай, әлі құрылғысын ала алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар