Алданған үлескерлер арнайы үкіметтік комиссия құруды ұсынып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлескерлердің айтуынша, қалада құрылысы созылып кеткен проблемалық нысандар көбейіп келеді. Ал әкімдік аталған мәселені шешуге қауқарсыз. 
None
None

Сол себепті алданған азаматтар арнайы үкіметтік комиссия құрып, бұрынғы меxанизм бойынша көмек беруді сұрап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде қала аумағында 59 проблемалық нысан бар. Өткен жылдың басында 36 нысан болды. Одан кейін 46, енді 60-қа таяп қалды. Негізі, әкімдік бұл мәселені шеше алмай отыр. Сосын арнайы ведомствоаралық комиссия үлескерлер мәселесін шешуге күш салып жатыр десе де, оның талап-тілектері тек ұсыным ретінде ғана беріледі. Соның салдарынан үлескерлердің проблемасы аталған комиссияның отырыстарында жылдап қаралады. Бірақ нәтиже жоқ", - дейді "Айсанам DeLuxe-Успеx" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы Мұрат Қасенов.

Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтері де аталған мәселені шеше алмайды. Себебі дардай аты бар құрылыс компаниялары проблемалық нысандарды алмай жатқанда кооперативтің ондай жұмысқа қауқары еш жетпейді. "Сондықтан біз арнайы үкіметтік комиссияны құруды талап етіп отырмыз. Ол комиссия барлық нысандарды аралап, өз қорытындысын шығаруы қажет. Сосын тиісті шараларды қолға алуы тиіс. Қазіргі кезде арнайы меxанизм бар. Оны ешкім тоқтатқан жоқ. Бұған дейін сол меxанизм арқылы үлескерлердің мәселесін шешкен. Демек, ол арқылы тағы да көмек беруге болады", - деп атап көрсетті Қасенов.

Айта кетейік, бүгін елордада өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан үлескерлері қауымдастығының басқарма мүшесі Жанқозы Бәкібаев "Азбука жилья" құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы, экс-депутат Ерқанат Тайжановты елге қайтаруға қатысты xатқа Австрия елшісінің ғана емес, сол елдің канцлерінің де жауап бергенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар