Алдын ала дерек бойынша, сәуірде Қазақстанда инфляция деңгейі 0,7 пайызды құрады - Ә. Смайылов

әуірдің 30-ы. ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай / - Алдын ала деректер бойынша, Қазақстанда сәуір айында инфляция деңгейі 0,7 пайызды құрады.
None
None

Сөйтіп, өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда 3,6 пайызға өсіп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада www. bnews.kz порталындағы болған Он-лайн конференциядан кейін журналистерге ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасы сәуір айындағы инфляция деңгейі туралы толық ақпарат ертең жарияланатынын жеткізді. Оның айтуынша, сәуір айындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі туралы ақпарат мамыр айының 9-10 күндері хабарланатын болады.

Айта кетейік, Үкімет 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляцияның деңгейі 6-8 пайыз аралығында болады деп болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар