Алдын ала мәліметтер бойынша, апат болған Airbus A320 ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Францияның оңтүстігенде апат болған Airbus A320 ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ.
Бұл туралы German Wings әуе компаниясындағы дереккөзге сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» тілшісі телефон арқылы хабарлады.
Қазіргі кезде ұшақ бортындағы адамдар саны анықталып жатыр.