Алдын ала мәліметтер бойынша, елордалық Тұрмыстық үйдегі өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Алдын ала мәліметтер бойынша, елордалық Тұрмыстық үйдегі өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльдор Райымбеков хабарлады.

«Оқиға орнынан алынған айғақтар өрт-техникалық сараптамадан өткізілуде. Келген шығын да анықталуда», деп хабарлады Э.Райымбеков.

Жексенбі, қаңтардың 10-ы күні сағат 12.05-те Астана қаласының өртке қарсы қызметінің пультіне Тұрмыстық үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен болатын. Өрт ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Өрт сөндірушілердің бірінші тобы оқиға орнына 10 минуттың ішінде жетеді. Сағат 12.57-де сөндірілген, ауыздықталған тілсіз жау 30 шаршы метрге жайылып үлгерген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт үнділік кәсіпкерлер иелік ететін «Императорлық тігінші» салонынан шыққан.

Соңғы жаңалықтар