Алдын ала мәліметтер бойынша Самара түбінде полигондағы жарылыс салдарынан қаза тапқан ер адам Қазақстан азаматы болған
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Самара түбіндегі сынақ полигонында қаза тапқан ер адам жөндеу жұмыстарымен айналысқан, деп хабарлайды аймақтық ТЖМ ММ-не сілтеме жасаған «Ресей жаңалықтары» .
«Сынақ аймағындағы өрт шыққанға дейін санитарлық аймақта жөндеу жұмыстарын жүргізген «Газмонтаж» ЖШС жұмысшысы қаза болған», - делінген хабарламада.
Бұрын ТЖМ Приволжье аймақтық орталығының өкілі Михаил Турковтың Ресей жаңалықтарына берген алдын ала мәліметтері бойынша қаза тапқан ер адам Қазақстанның азаматы болған.