Алдын-ала мәліметтер бойынша, Шығыс Қазақстанда 1157 үйді су басқан, оның 536-ы - қалпына келтіруге жарамайды

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Нақтыланған мәліметтер бойынша, Шығыс Қазақстанда тасқын су төнген аумақтардан көшірілген адамдардың саны 7406 адамды құрады.

Алдын-ала мәліметтер  бойынша,   Шығыс Қазақстанда  1157 үйді су басқан,   оның  536-ы - қалпына келтіруге  жарамайды

Қазіргі таңда 6007 адам үйлеріне оралды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Апат аумағындағы жұмыстарға 356 техника мен жеке құрамның 247 адамы жұмылдырылып отыр. Алдын-ала мәліметтер бойынша, 1157 үйді су басқан, оның ішінде 536 үй - бұдан әрі тұруға жарамайды. Сондай-ақ, тасқын судың салдарынан 16 679 бас ұсақ мал, 2475 ірі қара мал, 556 жылқы қырылып қалды.

Бүгін аймаққа екікүндік жұмыс сапарымен бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің барғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Ө.Шөкеев өңірдегі тасқын судың жағдайын өз көзімен көру үшін Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Зырян аудандарын, сондай-ақ бірқатар гидротехникалық нысандарды аралайды.

Ал ертең түстен кейін Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың мәжілісі өтеді.