19:24, 20 Қараша 2015 | GMT +5
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Мали қонақ үйіндегі тұтқындар арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіндегі тұтқындар арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі өзінің Твиттердегі аккаунтында хабарлады.
БАҚ-тардың хабарлауынша, қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Расталмаған мәліметтерге сай, қонақ үйде 170 тұтқын бар. Атыс жүріп жатыр.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, үш адам - бір француз және екі жергілікті тұрғын құрбан болды.
Кейінірек Малидің қарулы күштерінің шабуылы кезінде содырлар жаулап алған қонақ үйден шамамен 80 тұтқын босатылды.