Александр Бублик АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан ATP Challenger Tour Arizona Tennis Classic турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингте 90-орында тұрған америкалық Денис Кудламен өткізді.

Тартысты өткен матчта А.Бублик 7:6 (11:9), 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 13 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

А.Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 93-ракеткасы, қытайлық Чжи-Чжень Чжан немесе рейтингте 130-сатыдағы аустралиялық Ринки Хиджикатаның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар