Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Александр Бублик әлемдегі үздік 100 теннисшінің қатарына енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик бүгін жаңартылған рейтингте әлемдегі үздік 100 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Бублик әлемдегі үздік 100 теннисшінің қатарына енді

А.Бублик бұрын 120-орында болса, бірден 21 сатыға көтерілді.

Сөйтіп 21 жасар теннисші 99-ракетка атанды. Ол осылайша спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне (95) жақын қалды.

Биылдың өзінде үш бірдей челленджер турнирін ұтқан А.Бубликтің рейтингтегі орны осылайша жоғарылап келеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 44-сатыда тұр.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов бір саты кейін сырғыды, ол 187-орында.

Әйелдер арасында Юлия Путинцева 38-орнын сақтап қалды.

Зарина Дияс 107-ден 104-ке көтерілді. Елена Рыбакина 143-сатыда келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Монтеррей турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.