Александр Бублик әлемдік рейтингіде ТОП-25-ке жақындады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Kazinform.

Александр Бублик
Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 31-ден 27-сатыға көтерілді.

Қазақстандық теннисші өзінің өткен жылғы үздік көрсеткішіне (25) жақындады.

Денис Евсеев 184-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 188-ден 193-ке сырғыды.

Тимофей Скатов 228-ден 227-ге, Аргентинадағы Буэнос-Айрес турнирінің финалына дейін жеткен Дмитрий Попко 417-ден 358-ге жетті. Михаил Кукушкин 262-орында.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов 46-дан 44-ке жоғарыласа, Андрей Голубевтің жағдайы бұрынғыша (64).

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина үздік үштікте, Юлия Путинцева 64-сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина 44-орында қалса, Жібек Құламбаева 144-тен 141-ге көтерілді.
Аустралия ашық чемпионатында бүгін қазақстандықтардан алғашқы болып Юлия Путинцева кортқа шығады. Ол ресейлік, әлемнің 190-ракеткасы Анастасия Захаровадан өтуге тырысып көреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары кімдер екендігін жазған болатынбыз.

Дмитрий Попко Аргентинадағы жарыстың финалында жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум