Александр Бублик Алматы турнирінің жартылай финалына шығу үшін таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 64-орындағы мажарстандық Фабиан Марожанмен кездесуге тиіс еді.
Алайда Марожан матчқа келмей қалды да, А.Бублик ойнамастан ширек финалға жолдама алды.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен таласады.
Еске салайық, бұған дейін Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтаған еді.
Сонымен бірге Almaty Open турнирінде Бублик пен Нұрланұлы алғаш рет бірге өнер көрсеткенін жазғанбыз.