Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Францияда Экс-ан-Прованс челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 114-орында тұрған финляндиялық Отто Виртаненмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда финляндиялық спортшы 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен А.Бублик ойын тізгінін қолына ала білді - 6:4.

Екінші сетте де дәл сондай есеп тіркелді - 6:4.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 3 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Бублик жартылай финалға шығу рейтингте 241-сатыдағы франциялық Гарольд Майомен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің 1/2 финалына шықты.