Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты

Бубулик
Фото: Sports.kz

МАДРИД. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық спортшы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 68-орында тұрған Испания өкілі Роберто Карбальес Баэнамен өткізді.

Бірінші партияда испаниялық үш брейпен бет қаратпады — 6:1.

Есесіне екіншісінде Бублик ойын тізгінін өз қолына алды — 6:2. Ол үшінші сетте де 5:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.

Сағат жарымға созылған матчта Бублик 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Баэна 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Бублик төртінші айналымға өту үшін әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Бен Шелтонмен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 50-орындағы чехиялық Томаш Махачты тас-талқан етті – 6:0, 6;2.

А.Бублик өткен жылы Мадридте екінші айналымда сүрінген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Шымкент турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар