Александр Бублик Париж мастерс турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы, 27 жастағы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

саша бублик
Фото: instagram.com/bublik

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін кезінде дүниежүзілік рейтингіде 9-орынға дейін көтерілген, қазір 79-сатыда тұрған 37 жастағы италиялық Фабио Фоньинимен өткізді.

Осыған дейін А.Бублик Чэнду (Қытай) турнирінде үшінші айналымнан аса алмаса, одан кейін Бейжің, Шанхай және Базельде бірінші матчта-ақ жеңіліс тапқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда аса тәжірибелі италиялық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Бублик есе қайтара білді – 7:5.

Екінші сет те дәл осындай есеппен аяқталды – 7:5.

Бір сағат 27 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 15 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Фоньини 3 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді. 

Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, даниялық Хольгер Руне немесе рейтингіде 38-сатыдағы тағы бір италиялық Маттео Арнальдидің қай жеңгенімен таласады.

А.Бублик осы додада жұптық сында ресейлік Карен Хачановпен бірге өнер көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингтің үздік көрсеткішіне жақындағанын жазған болатынбыз

Сондай-ақ Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатысады.

Соңғы жаңалықтар