Александр Бублик Римде әлемнің төртінші ракеткасына жол берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик үшінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда норвегиялық теннисшінің басымдылығы айқын көрінді – 6:1.

Екінші сетте А.Бублик есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда К.Рууд тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:0).

Екі сағат 5 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. К.Рууд 6 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

К.Рууд ширек финалға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, сербиялық Ласло Дьеремен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.


Соңғы жаңалықтар