Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге екінші айналымда мажарстандық Мартон Фучович – америкалық Фрэнсис Тиафомен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-аустралиялық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матч барысында Бублик пен Коккинакис 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

А.Бублик пен Т.Коккинакис Франция ашық чемпионатының ширек финалына шығу үшін хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыққанын, қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Еуропадағы турнирлерде жеңіске жеткенін хабарладық.