Александр Бублик Шанхай турнирінде өткен жылғы көрсеткішін жақсарта ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — 7-18 қазан аралығында өтетін Шанхай (Қытай) АТР 1000 турнирінің жеребесі тартылды.

Александр Бублик Шанхай турнирінде өткен жылғы көрсеткішін жақсарта ала ма
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.

Қазақстандық спортшы әлемнің 75-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе рейтингіде 166-орындағы қытайлық Чжан Чжичжэньнің қай жеңгенімен кездеседі.

Аталмыш додада әлемнің 2-ракеткасы, германиялық Александр Зверев, сондай-ақ оны рейтингіде өкшелеп келе жатқан испаниялық Карлос Алькарас, америкалық Бен Шелтон сынды маңдайалды теннисшілер бақ сынайды. 

Шанхай жарысының жүлде қоры 9 млн 415,725 мың АҚШ долларына бағаланған.

Өткен жылы мұнда монаколық Валантен Вашро жеңімпаз атанған еді. А.Бублик екінші айналымда дәл осы Вашроға есе жіберген болатын. Биыл қазақстандық теннисші 2025 жылғы нәтижесін жақсарта ала ма, оны алдағы ойындар көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның жарақатына байланысты Қытайдағы турнирге қатысудан бас тартқанын жазған едік.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Шанхай мастерс турнирін сәтті бастады.