Александр Бублик жұптық сында Штутгарт турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Бублик
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазақстандық теннисші аустралиялық Ник Кирьоспен бірге алғашқы айналымда швейцариялық Якуб Поль — америкалық Райан Сеггерманмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық-аустралиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сет 6:2 есебімен швейцариялық-америкалық дуэттің еншісіне жазылды.

Супер тай-брейкте Бублик — Кирьос жеңісті жұлып алды — 10:6. Бір сағатқа созылған матчта екеуі 4 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Поль — Сеггерман 11 эйс, 2 брейкпен ерекшеленді. 

Александр Бублик — Ник Кирьос жартылай финалға шығу үшін эстониялық Даниил Глинка — грекиялық Стефанос Сакелларидиспен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Лондон турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік. 

Сондай-ақ Александр Бублик Штутгарттағы турнирде германиялық теннисшіден есе қайырды.