Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топырақ төсенішіндегі аталмыш жарыс 8-16 сәуір аралығында өтеді.

Турнирдің ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 16-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен шеберлік байқасады.

«Үлкен дулыға» турнирінің 22 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович доданың бірінші, грекиялық Стефанос Циципас екінші ракеткасы болып тіркелген. Сондай-ақ жарыста ресейліктер Даниил Медведев (3), Андрей Рублев (5), Карен Хачанов (9), норвегиялық Каспер Рууд (4), даниялық Хольгер Руне (6), италиялық Янник Синнер (7), америкалық Тейлор Фритц (8), Польша өкілі Хуберт Хуркач (10) және басқалар бақ сынайды.

Өткен жылы Монте-Карлода Стефанос Циципас үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар