Александр Бубликтің Монте-Карлодағы қарсыласы белгілі болды

бублик
Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.

Ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 32-орында тұрған хорватиялық Борна Чоричпен ойнайды.

Бұл матч 8 сәуірге белгіленген.

А.Бублик биыл Б.Чоричті Монпелье додасының финалында 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Одан кейін Роттердамда (Нидерланд) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Монте-Карло жарысында әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович бастаған маңдайалды теннисшілер бақ сынайды.

Өткен жылы мұнда әлемнің 6-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев чемпион атанған болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италия турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.

Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың финалына шықты. 

Соңғы жаңалықтар