Александр Цинкер: Қазақстандағы реформалардың мақсаты билік тармақтарының теңгерімін қалыптастыру

АСТАНА. ҚазАқпарат - ICES (Халықаралық сайлау жүйесі сараптама орталығының) президенті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер Қазақстандағы реформалардың негізгі мақсаты ретінде Конституция деңгейінде билік тармақтарының қарым-қатынастарын теңгерімдеуді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Александр Цинкер: Қазақстандағы реформалардың мақсаты билік тармақтарының теңгерімін қалыптастыру

«Президенттің үндеуі мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге, қорытындысында елдегі билік қарым-қатынастарында барлық жүйелерді қайта жүктеуге бағытталған. Реформа Президент, Парламент және Үкіметтің өкілеттігі арасындағы теңгерімді түбегейлі өзгертуді көздейді. Егер ертеректе, мемлекеттің қалыптасу процесінде барлығы да президенттік басқару төңірегінде қалыптастырылса, енді мына реформа биліктік өкілеттіктерді байыпты қайта бөлуді көздейді», - деп атап өтті сарапшы.

Александр Цинкердің атап өтуінше, президенттік 40 өкілеттікті Парламент пен Үкіметке бөліп беру бір жағынан олардың мәртебесін арттырады, екінші жағынан жауапты заңнамалық және атқарушылық жұмыс пен тәртіпті талап етеді.

«Қазақстан Президенті мұндай жағдайда реформаны табысты жүзеге асыру және мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының тиімділігін арттыру үшін олардың арасында сәйкесінше баланс пен қарама-қарсылық құру маңызды деп санайды. Мұнан шығары, құжатта биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары арасындағы жаңа өзара қарым-қатынас кеңінен сипатталады. Парламенттің рөлін арттырып, Үкіметкке әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу бойынша өкілеттіктердің басым санын беру Назарбаевқа сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс қабілеті бойынша стратегиялық шешімдер әзірлеуге назар аударуға мүмкіндік жасайды. Президентте билік тармақтары арасындағы қарым-қатынаста беделді төреші қызметі қалады. Ал бұл уақыттың таяу кезеңі ішінде конституциялық реформа президенттік республикадан бас тартып, басқарудың президенттік-парламенттік жүйесіне көшуді көздемейтіндігін білдіреді», - деді Цинкер.