12:09, 22 Қаңтар 2011 | GMT +5
Александр Лукашенко ел президенті қызметіне ресми кірісті
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко қызметіне ресми кірісті. Беларус мемлекетінің басшысы жұма күні Ант қабылдады және беларус халқына қызмет етуге серт берді, деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігі.

Ел президентін ұлықтау рәсімі беларус телевидениесінің барлық арналары бойынша көрсетілді.
Лукашенко 2010 жылы 19 қарашада өткен сайлауда тағы да кезекті бесжылдық мерзімге президент болып сайланған болатын. Оған дауыс беруге қатысқан халықтың 79,65 пайызы дауыс берген. Беларус Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, президенттік сайлауға электораттың 90,65 пайызы қатысқан.