Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жарқын жеңісімен құттықтады
АНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат.Беларусь Респубикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы жарқын жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы БЕЛТА-ға беларус басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Халықтың Сізге сенім көрсетуі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған Сіз жүргізіп отырған бағыттың дұрыс екендігінің жарқын көрінісі болып табылады»,- деп атап көрсеткен Беларусь Президенті.
Александр Лукашенко Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас алдағы уақытта да жемісті, әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.
"Беларусь қашан да Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі және одақтасы болған және осылай болып қалады", - деп атап өткен Беларусь мемлекетінің басшысы.