Александр Лукашенко халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Лукашенко халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді

Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.




Фото: t.me/KZgovernment