Александр Лукашенко Қазақстан елордасының даму қарқынын оң бағалады

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанның елордасы - Астананың даму қарқынын оң бағалады. Ол бұл ойын бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында айтты.

Александр Лукашенко Қазақстан елордасының даму қарқынын оң бағалады

«Қазақстан елордасын ауыстыру жөніндегі өзіңіздің шешіміңізді іс жүзінде жүзеге асырдыңыз. Бүгінде Астанада барлық қажетті инфрақұрылымдар құрылды. Сіздер қазіргі кезде елорда мен мемлекеттеріңізді тұрақты даму жолына қойдыңыздар»,-деді А. Лукашенко.

Мұнымен қоса, Беларусь басшысы Елбасын өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Қазақстан халқы бірауыздан өзінің Елбасын қолдады. Осы орайда біздің, Беларусь тарапының құттықтауын қабыл алыңыз»,-деді А. Лукашенко Елбасы Н. Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.