Александр Лукашенко Kazinform агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді

Лукашенко Александр Григорьевич
Фото: Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко елордада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында Kazinform агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді.

Сұхбат барысында ШЫҰ-ның әлеуеті, Ұйымға мүшелік етудің Беларусь Республикасына беретін мүмкіндіктері, жаһандық және азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастық жайы сөз болады.

Айта кетейік, Беларусь Республикасы ШЫҰ-ға 2010 жылдан бері қатысып келеді. Бастапқыда диалог бойынша әріптес болды, кейін бақылаушы мәртебесін алды. Астана саммиті аясында Ұйымға толыққанды мүше ретінде қосылады. Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Жаңа жағдайдағы ШЫҰ рөлі: жалпыға бірдей қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеу жолындағы күш-жігерді біріктіру» форумында айтқан болатын.

Еске салсақ, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Астана саммитінен бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы толыққанды «Шанхай ондығы» форматында жұмыс істейді. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Соңғы жаңалықтар