Александр Недовесов Попрадта жұптық турнирдің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Попрадта (Словакия) жұптық турнирдің бірінші айналымы бәсекесі өтті.

Александр Недовесов Попрадта жұптық турнирдің екінші айналымына шықты

Словакиялық Иво Клецпен жұптасқан қазақстандық Александр Недовесов Джордже Джокович/Петер Важданы - 6/1, 6/1 есебімен ұтты.

Ширек финалда Александр мен Иво Ковалик/Мертель - Ковальчик/Зеленай жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі, деп хабарлайды sports.k.