Александр Шевченко Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Рим мастерс турнирінде іріктеу сайыстарының финалына шықты.

Теннисист из Казахстана
Фото: Sports.kz

Қазақстандық спортшы іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 152-орында тұрған аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен сынға түсті.

А.Шевченко 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Шевченко 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Фикович 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Шевченко іріктеудің финалында әлемнің 134-ракеткасы, Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездеседі. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.

М.Фучович рейтингіде 440-сатыдағы италиялық Стефано Наполитаноны қапы қалдырды — 6:2, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 17 жастағы Әмір Омархановтың әлемдік рейтингіде бірден 32 сатыға жоғарылағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар