Александр Шевченко Рим мастерс турниріне жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бітірді.

шевченко
Фото: instagram.com/shevchenkoo_17/

Қазақстандық теннисші іріктеу сынының финалында дүниежүзілік рейтингіде 134-орында тұрған мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

А.Шевченко 6:4, 6:2 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында Шевченко 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Александр Шевченконың негізгі жарыстағы қарсыласы кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Рим мастерс жарысындағы қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар