Александр Шевченко Швециядағы турнирде негізгі жарысқа жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 107-ракеткасы Александр Шевченко Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндеді.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 90-ракеткасы, ұлыбританиялық Джейкоб Фирнлиге қарсы келді.
Кездесуде А.Шевченко 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Шевченко 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Фирнли 3 эйспен шектелді.
Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Александр Шевченко келесі қарсыласы кейін анықталады.
Қазақстандық спортшы сәтті өнер көрсетуін жалғастырса, әлемдік рейтингідегі жағдайын жақсарта алады.
Стокгольм турнирі 9-15 қараша аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Швециядағы турнирде қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқанын жазған болатынбыз.