Александр Турчинов Жоғарғы Рада спикері болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина Жоғарғы раданың спикері болып Александр Турчинов (Батькивщина» партиясы фракциясы) сайланды. Оған украин парламентінің 288 депутаты дауыс берді, деп хабарлады РБК.
Бүгін Жоғары Раданың бұрынғы спикері отставкаға кетті. Раданың вице-сприкері Руслан Кошулинскийдің мәлімдеуінше, Рыбак денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кету жөнінде өтініш берді.