Александр Винокуров: Басты мақсатымыз - «Тур де Франста» жеңіске жету

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дубай қаласында алғаш рет «Dubai Tour» веложарысы өтуде. Төрт күннен бері жетекші велошабандоздар мегаполис көшелерінде жарысып жатыр.

Александр Винокуров: Басты мақсатымыз - «Тур де Франста» жеңіске жету

«Dubai Tour» Әмірлікте велоспортты барынша насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Мұнда бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аударылған. Бұл жарыс UCI Халықаралық велосипедшілер одағының бастамасымен өтіп, Азия турнесіне енгізілді.

Бәсекелі сайысқа көш бастап келе жатқан команда ретінде қазақстандық «Pro Team Astana» командасы мен оның басшысы, әлемдік велоспорт «жұлдызы» Александр Винокуров шақырылды.

«Dubai Tour» жарысы Біріккен Араб Әмірліктері тарихында алғаш рет өткізіліп жатыр. Бұл Таяу Шығыста велоспорт бойынша өтіп жатқан алғашқы жарыс болса да, көршілес Катар, Оман елдері 8-10 жылдан бері веложарыстар ұйымдастырып тұрады. Әрине, биылғы маусымға жүктеліп отырған басты мақсатымыз - "Тур де Франста" жеңіске жету. Дегенмен, Дубайда да жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз», - А.Винокуров.

Жалпы алғанда, «Pro Team Astana» командасының аталмыш елдегі жарыстарға қатысуы Қазақстанда жоғары деңгейлі велошабандоздардың бар екенін мәлімдеуге және спортты дамытуға баса мән беретін ел екенін танытуға мүмкіндік береді.