Александр Винокуров: Болашақта спорт ведомствосын басқаруға қарсы емеспін

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының көшбасшысы Александр Винокуров болашақта спорт ведомствосын басқаруға  қарсы емес екендігін айтты.

Александр Винокуров: Болашақта спорт ведомствосын басқаруға  қарсы емеспін

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталы жариялап отыр.

«Неге болмасқа? Егер партия сұрап жатса, қарсы болмас едім. Қолымнан келгенше жәрдемдесемін. Бүгінгі күні мен партия алқасындамын. Мен қазір велошабандозбын және Олимпиадаға дейін спортқа қатысамын», - деді Винокуров.

 Сонымен қатар,  ол «Астана» командасы биылғы маусымда ПРО турға кіретін бір жарысты жеңуді көздеп отырғанын айтты. Алайда өзі «Тур де Франс-2012-ге» қатыспайтындығын білдірді.

 «Қиын сұрақ. Спортшы ретінде талай нәтижеге жеттім. Бұл тақырыпқа жарыс президентімен сұхбаттасқанда да оралғанбыз. Ал егер жарыс жолына шығып жатсам бірінші орынға таласпаймын. Команда мүддесіне қызмет етем», - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде бұрынғы ҚР Туризм және спорт министрлігінің орнына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі құрылды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Александр Винокуровты «Нұр Отан» париясы сайлау алдында депутаттыққа кандидат ретінде ұсынған болатын.